Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)
Фото: ult.kz

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен (7-0, 3 КО) канадалық Альберт Онолуносе (24-2-1, 8 КО) ортасындағы  WBC Continental Americas және WBO Global белбеулері үшін тартысты өткен жекпе-жекте жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшыны алтыншы раунда техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Continental America және WBO Global орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. Онолуносе өзінің кәсіби мансабындағы үшінші жеңілістің дәмін татты.

Осыған дейін, Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт Маклелланмен (27-3-3, 11 КО) кездесу өткізіп, он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірген еді.

Т. Раушанұлы