Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жасөспірімдер Олимпиадасында шахматшыларымыз үздіктер қатарынан көрінді
Жасөспірімдер Олимпиадасында шахматшыларымыз үздіктер қатарынан көрінді

Түркияның Чорум қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы 4 орын алды. Жарысқа әлемнің 48 елінен келген үздік командалар қатысты.

Қазақстан құрамасы командалық есепте 9 ойынның біреуінде ғана жеңіліп, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларуссиядан ұпай саны бойынша ұтылды.

- Бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижесі, бірақ біз одан да жақсы ойнайтын едік. Тек сәттілік жеткіліксіз болды, - дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов. - Дегенмен, бұл жақсы бастама екеніне сенімдімін, енді бұл жолақтан айырылуға құқығымыз жоқ».

Әр командадан 4 ойыншы қатысты: үш ұл және бір қыз. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Арыстан Исанжулов және Нұрғали Назерке қатысты. Айта кету керек, Бибісара екінші ерлер тақтасында ойнады.

- Олимпиада өте маңызды болды, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, -  Жеке жарыста қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Нұрғали Назерке мен Бибісара Асаубаева 2 және 3-ші орындарды иеленді. Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанды, ал Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет

Қосылған күні: 07 қараша, 12:08