Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Киокушинкай каратэден өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын 30 спортшы қорғайтын болады. Әлем чемпионатын қабылдайтын мемлекет ретінде Қазақстан екі құраммен өнер көрсетеді.

БӨЛІСУ

Елімізді намысын 30 спортшы қорғайды. Олар 15 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ерлер 9, әйелдер 6 салмақта жүлдені сарапқа салады. Іріктеу каратэ киокушиннің барлық бағыты бойынша Біріккен Қазақстан Республикасының чемпионаты қорытындысы негізінде өткізілді. Чемпионат нәтижесінде құрама командалардың бірінші және екінші нөмірлері іріктелінді. Чемпионаттан соң спортшылар допинг бақылаудан өтіп, бекітілген жоспар бойынша дайындықтарын бастап кетті. 

Естеріңізге салайық, Нұр-Сұлтан қаласы 7-8 желтоқсан күндері әйелдер мен ерлер арасында салмақ дәрежесі бойынша киокушинкай каратэден IV әлем чемпионатын қабылдайды. Чемпионатты Ұйымдастырушылар – Қазақстанн ың Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы, "Kyokushin World Union" Халықаралық Ассоциациясы.

2019 жылы әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтіп, әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар анықталды. Әлем чемпионатына әлемнің 50 елінен 300-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.