Ольга Рыпакова әскерилер ойынында алтын алды

Ольга Рыпакова әскерилер ойынында алтын алды
Фото: newtimes.kz

Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік әскерилер ойынында алтыннан алқа тағынды.

Үш қарғып секіру сайысында 14,19 метрге секірген қазақстандық спортшының алдына түскен атлет болмады. Осылайша Ольгаға алтын, 13,78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонароға күміс, 13,54 метрге секірген Доминикан Республикасының спортшысы Люсии Хосе Тим қола жүлде бұйырды.

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова Орталық әскери спорт клубының жеңіл атлеті. Шені – майор.

А. Қажиев