Надаль Нұр-Сұлтандағы ойында Джоковичті жеңді

Надаль Нұр-Сұлтандағы ойында Джоковичті жеңді
Фото: vesti.kz

Испандық теннисші Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанда өткен қайырымдылық кездесуінде серб спортшысы Новак Джоковичті жеңді.

Ережеге сәйкес екі теннисші екі сет ойнады. Бірінші сетте Надаль 6:3 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте дәл осындай айырмасымен Джокович басым болып шықты. Ал тай-брейк текетіресі ұзаққа созылды. Нәтижесінде испан теннисшісі 11:9 есебімен жеңіске бастар жолды тапты.

Ойынды ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы келіп тамашалады.

Айта кетейік, екі спортшы елордада көп аялдамайды. Бір күн ішінде арнайы баспасөз мәслихатына, жаңа теннис орталығының ашылуына қатысты. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Одан өзге балаларға шеберлік сабағын өткізіп те үлгерді.

Н. Үсенова