Ғұсман алтын, Елдос қола жүлде үшін күреседі

Ғұсман алтын, Елдос қола жүлде үшін күреседі
Фото: fdk.kz

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі басталды.

Жарыстың бірінші күні татами төріне шыққан Елдос Сметов қола жүлдеге таласады. Ол алғашқы екі белдесуінде бразилиялық Фелипе Китадай мен неміс балуаны Мориц Плафкиден басым түсті. Алайда үшінші кездесуінде франциялық Валид Хьярға есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде ресейлік Роберт Мшвидобадзеді ұтып, қола жүлде үшін таласуға мүмкін алды. Елдос Сметов Grand Slam кезеңінің соңғы белдесуін ресейлік Яго Абуладзеге қарсы өткізеді.

Ал еш сүрінбестен Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінің финалына шықты. Ол алғашқы белдесуінде кәріс балуаны Ли Харимді ұтса, одан кейін әзірбайжандық Мамадсой Давудтан басым түсті. Артынша бразилиялық Фелипе Пелимді жеңіп, жартылай финалға өтті. Ақтық белдесудің жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Ғұсман Қырғызбаев ресейлік Яго Абуладзеден айласын асырды. 

Ғұсман Қырғызбаев финалда Елдос Сметовты жеңген Валид Хьярпен белдеседі. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

А. Рысдәулет