France Football Лев Яшин атындағы сыйлыққа үміткерлер тізімін атады

France Football Лев Яшин атындағы сыйлыққа үміткерлер тізімін атады
Фото: vk.com

France Football басылымы 2019 жылдың үздік қақпашысына берілетін Лев Яшин атындағы сыйлыққа үміткерлер тізімін жариялады. Сондай-ақ, бүгін "Қара пантера" атанып кеткен қақпашының туғанына – 90 жыл.

Сыйлыққа ұсынылған қақпашылар қатарында: Алиссон Бекер (“Ливерпуль”, Бразилия), Мануэль Нойер (“Бавария”, Германия), Андре Онана (“Аякс”, Камерун), Войцех Щенсны (“Ювентус”, Польша), Ян Облак (“Атлетико”, Словения), Кепа Аррисабалага (“Челси”, Испания), Самир Ханданович (“Интер”, Словения), Уго Льорис (“Тоттенхэм Хотспур”, Франция), Марк-Андре тер Штеген (“Барселона”, Германия) және Эдерсон Мораес (“Манчестер Сити”, Бразилия) сынды белгілі ойыншылар бар.

19 қыркүйекте France Football қақпашыларға берілетін жаңа марапатты тағайындаған болатын. Сыйлыққа КСРО қақпашысы Лев Яшиннің есімі берілетіні белгілі болған еді. Яшин 1963 жылы "Алтын допты" алған жалғыз қақпашы.

Сыйлықтың жеңімпазы 2 желтоқсанда Парижде өтетін “Алтын доп-2019” сыйлығын табыстау рәсімінде белгілі болады.

Т. Раушанұлы