2019 жылғы "Алтын доп" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды

2019 жылғы "Алтын доп" сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды
Фото: football.ua

France Football "Алтын допқа" үміткер футболшылар тізімін жариялады. France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталады. "Алтын доп" – жекелей ойыншыға берілетін ең мәртебелі марапат.

Бірінші бестік: Садио Мане (Ливерпуль), Серхио Агуэро (Манчестер Сити), Френки де Йонг (Аякс/Барселона), Уго Льорис (Тоттенхэм), Душан Тадич (Аякс).

Екінші бестік: Килиан Мбаппе (ПСЖ), Трент Александер-Арнольд (Ливерпуль), Донни ван де Беек (Аякс), Пьер-Эмерик Обамеянг (Арсенал), Марк-Андре Тер Штеген (Барселона).

Үшінші бестік: Криштиану Роналду (Ювентус), Алиссон (Ливерпуль), Маттейс де Лигт (Аякс/Ювентус), Карим Бензема (Реал Мадрид), Жоржиньо Вейналдум (Ливерпуль). 

Төртінші бестік: Вирджил ван Дейк (Ливерпуль), Бернарду Силва (Манчестер Сити), Сон Хын Мин (Тоттенхэм), Роберт Левандовски (Бавария), Роберто Фирмино (Ливерпуль). 

Бесінші бестік: Лионель Месси (Барселона), Рияд Марез, Кевин де Брюйне (Манчестер Сити), Калиду Кулибали (Наполи), Антуан Гризманн (Барселона). 

Алтыншы бестік: Мохамед Салах (Ливерпуль), Эден Азар (Челси/Реал), Маркиньос (ПСЖ), Рахим Стерлинг (Манчестер Сити), Жоау Фелиш (Бенфика/Атлетико).

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Былтыр бұл марапатқа Реал Мадрид ойыншысы Лука Модрич лайық деп табылған еді. Биылғы марапаттау рәсімі Парижде 2 желтоқсан күні өтеді.

Т. Раушанұлы