"Эйндховен кубогы". Қазақстандық боксшы қыздар 6 медаль жеңіп алды

"Эйндховен кубогы". Қазақстандық боксшы қыздар 6 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Нидерланд елінде бокстан "Эйндховен кубогы" халықаралық жарысы өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын алты былғары қолғап шебері қорғады.

Сынға түскен алты боксшымыз да жүлделі болды. 51 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалға қос бірдей спортшымыз шықты. Ангелина Лукас пен Жансая Әбдірайымова ақтық сында жұдырықтасып, Ангелина алтын алса, Жансая күмісті олжалады.

©olympic.kz

57 килоға дейін Дәмтекен Келімбет финалда Мали боксшысынан басым болып, ел қоржынына екінші алтынды салды. Сандуғаш Әбілхан болса 60 килода қарсылас шақ келтірмеді. 

Арайлым Бегділде 75 килоға дейін мен Сания Сұлтанқызы 57 килоға дейін салмақ дәрежесінде қолаға қол жеткізді. Осылайша "Эйндховен кубогында" Қазақстан боксшылары ел қоржынына үш алтын, бір күміс және екі қоланы салды. Ал 51 килода топ жарған Ангелина Лукас турнирдің үздік боксшысы атанды.

 
А. Рысдәулет