Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / ХХХ турдағы басты ойында "Астана" "Қайратты" ұтты

ХХХ турдағы басты ойында "Астана" "Қайратты" ұтты

ХХХ турдағы басты ойында

Футболдан Қазақстан чемпионатының 30-турында "Астана" мен "Қайрат" клубтары кездесіп, кездесу нұр-сұлтандық команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Осылайша "Астана" турнирлік кестеде "Қайратты" қапы қалдыратын мүмкіндікке ие болды. 

Кездесудің 9 минутында Марин Томасов Стас Покатилов қақпасына дәл соққы жасап, есеп ашты. Бірінші таймның соңына дейін алматылық командада есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндік болғанымен, Алексей Шпилевский шәкірттері гол соға алмады.

Ойынның екінші таймын алаң иелері белсенді бастады. Абзал Бейсебековтың қақпаға қисық тепкен добын голға ұластыра білген Сергей Хижниченко 61 минутта есепті 2:0-ге жеткізді.

Қонақтар араға сегіз минут салып, есепті қысқартты. Бұрыштамадан Бауыржан Исламхан асырған допқа қорғаушы Раде Дугалич жетіп, Ненад Эричті қапы қалдырды. Ойын соңына дейін алматылық клуб бірнеше қауіпті шабуыл жасаса да астаналықтар гол жібермеді. Тіпті үшінші голын соғып кетті. Алаңға Сергей Хижниченконың орнына шыққан Рангело Янга кездесудің нүктесін қойды. Есеп – 3:1.

Турнирлік кестеде "Қайрат" 62 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы "Астанада" 60 ұпай және "Қайраттан" артық 1 ойыны бар. ҚПЛ-дың аяқталуына үш тур қалды.

ХХХ тур нәтижесі бойынша "Ақтөбе" премьер-лигамен қош айтысты. Келер маусымда бірінші лигада ойнайды. Олар бұл турда "Оқжетпеске" есе жіберді.

ХХХ тур ойындарының нәтижелері:

19.10.2019

"Атырау" - "Жетісу" 0:3 (0:3)
Гол соққандар: Тошев Мартин 11 (0:1), Степанюк Руслан 38 (0:2), Адамович Ненад 40 (0:3)
Ескерту алғандар: Шабаев Андрей 27, Абдрахманов Эльдар 95

"Ертіс" - "Қайсар" 2:1 (1:0)
Гол соққандар: Манзорро Жереми с пенальти 37 (1:0), Есимов Руслан 51 (2:0), Ламанж Абдель Азиз 56 (2:1)
Ескерту алғандар: Манзорро Жереми 11, Битанг Кларенс 15, Нарзилдаев Думан 36, Садовничий Иван 62
Алаңнан қуылғандар: Марочкин Александр 36, Садовничий Иван 80 (екінші ескерту)

20.10.2019

"Тобыл" - "Ордабасы" 1:2 (1:1)
Гол соққандар: Нұрғалиев Азат 31 (1:0), Пауло Жоао 37 (1:1), Бадибанга Зиги 51 (1:2)
Ескерту алғандар: Валиуллин Руслан 13, Абилгазы Султан 54, Дмитренко Виктор 60, Досмагамбетов Тимур 76, Непогодов Дмитрий 90

"Тараз" - "Шахтёр" 0:0 (0:0)
Ескерту алғандар: Сүлей Алишер 16, Амирханов Мақсат 64, Видович Милош 68, Нуралы Мадияр 80

"Ақтөбе" - "Оқжетпес" 1:2 (1:1)
Гол соққандар: Алмейда Алвес Данило 34 (0:1), Пиззелли Маркос 38 (1:1), Дмитриев Артем 48 (1:2)
Ескерту алғандар: Кицак Александр 47, Темирхан Рустам 69, Димов Пламен 86, Молдакараев Жасулан 88, Жакупов Тимур 90+4

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Massaget
Фото: fcastana.kz
Қосылған күні: 20 қазан, 21:53
Тегтер: Қайрат, Астана, ҚПЛ,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.