Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді

Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді

31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.

Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. "Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Біз менің командаммен апелляция береміз.

Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балаларға мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.

Жұмағұловтың қарсыласы бұрын UFC белбеуіне үміткер болған. Әлемдегі ең беделді промоутерлік компаниясымен Багаутинов жеті жекпе-жек өткізді, олардың төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінен жеңіліс тапты. Ал осы Сочиде өткен жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының қоржынында 19 жеңіс пен жеті жеңіліс бар.

Сондай-ақ, Fight Night Global 95 аясында тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Еркінбек Инжель ресейлік Давид Бархударяннан жеңіліп қалды, ал Нұрбек Қабдрахманов отандасы Федор Бабичті жеңді.

Massaget