Мария Шарапова: "Голливудта киноға түсуді қалайтын едім"

Ла Лига Корреспондент
Мария Шарапова: "Голливудта киноға түсуді қалайтын едім"

Әлемнің екінші ракеткасы Мария Шарапова киноға түсуге кет әрі еместігін мәлім етті.

БӨЛІСУ

Таяуда ресейлік спорт шебері өзіне демеушілік көрсететін жарнама компаниялары бірінің іс-шарасы аясында Үндістанға ат басын бұрған болатын. Және сол кездесулердің бірінде кинематография саласында бағын сынап көргісі келетінін жасырмаған.

"Бүгінгі таңда өмірімде орын алып жатқан өзгерістер шаш етектен. Турларда өнер көрсету, жарнамалық келісімдер мен көптеген міндеттемелер... Бірақ, мен болашақта голливудтық кинолардың бірінде ойнауға қуана-қуана келісім беретін едім", - деп Мария Шарапова ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Мария Шараповаға "Жұлдыздармен би кеші" атты америкалық тележобадан ұсыныс келіп түскен болатын. Алайда, ол ұсыныстан теннисші қыз бас тартқан еді.

сурет:soz.by

Дайындаған: Уалихан Қосанбай