Садриддин Ахмедов екі айда екі бірдей жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов екі айда екі бірдей жекпе-жек өткізеді
Фото: Eye Of The Tiger Management

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он бірінші жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centrе кешенінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Кештің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Давид Лемье (40-4, 34 КО) жұдырықтасады. 

Әзірге Садриддин Ахмедовтің қарсыласы кім екені белгісіз. Бір қызығы жеңілмеген отандасымыздың 25 қараша күнге жекпе-жегі жоспарланған. "Қазақ сарбазы" бұл күні Канаданың Квебек қаласында 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15 КО) қолғап түйістіреді.  

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов шаршы алаңға соңғы рет 29 маусым күні Канада елінде шыққан. Ол жекпе-жекте отандасымыз мексикалық Даниэл Вега Котуды (14-3-1, 11 КО) жеңді.

 
А. Рысдәулет