Марафон кезінде Алматы қаласында кей көшелер жабылады

Марафон кезінде Алматы қаласында кей көшелер жабылады

13 қазан күні Алматы Жартылай марафоны кезінде сағат 0:00 бастап 12:30 дейін бағдардың өтетін орындарында автокөлікке арналған жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 0:00 бастап 12:30 дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 7:20 бастап 8:00 дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен бастап Шашкин көшесіне дейін сағат 07:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін сағат 03:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

С.Сейфуллин даңғылы бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:30 бастап 10:00 дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толықтай жабылады.

Абай даңғылы бойымен С.Сейфуллин даңғылынан бастап Сайын көшесіне дейін сағат 07:20 бастап 12:00 жабық болады. Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сайын көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00 бастап 11:00 дейін жабық болады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

А. Рысдәулет