Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан қоржынына Олимпиаданың 21-ші лицензиясы түсті

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың 21-ші лицензиясы түсті

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың 21-ші лицензиясы түсті

Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 49-шы лицензиялық әлем чемпионатында командалық және жекелей көпсайыстан іріктеу жарыстары аяқталды. Командалық сында жолдама бұйырмады. Ерлер арасында көпсайыстан Милад Карими финалға өтіп, ұлттық құрама қоржынына лицензия салды.

Командалық сайыс бойынша Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Ербол Жантықов, Аким Мусаев және Милад Карими жарыс жолына шықты. Олар бірінші болып бастап, жалпы есебі 243.897 ұпай жинады. Нәтижесінде 16-орыннан көрініп, лицензияға ие бола алмады. Ал көпсайыстан Милад Карими финалға жолдама алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 81.599 ұпай жинады. Финалдық кезеңі 11 қазан күні өтеді.

Милад Карими нәтижесі бойынша Токио Олимпиадасына лицензия иеленгендер саны 21-ге жетті. Олар:

1. Ришат Хайбуллин (Спорттық құзға өрмелеу)
2. Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу)
3. Ольга Рыпакова (Жеңіл атлетика)
4. Георгий Шейко (Жеңіл атлетика)
5. Евгений Гидич (Велоспорт, шоссе)
6. Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы
7. Денис Ганькин (Садақ ату)
8. Ильфат Абдуллин (Садақ ату)
9. Санжар Мусаев (Садақ ату)
10. Виталий Худяков (Ашық суда жүзу)
11. Екатерина Немич (Бейнелі жүзу)
12. Александра Немич (Бейнелі жүзу)
13. Мейрамбек Айнағұлов (Грек-рим күресі)
14. Асхат Ділмұхамедов (Грек-рим күресі)
15. Валентина Исламова (Әйелдер күресі)
16. Эльмира Сыздықова (Әйелдер күресі)
17. Нұрислам Санаев (еркін күрес)
18. Дәулет Ниязбеков (еркін күрес)
19. Әлішер Ерғали (еркін күрес)
20. Данияр Қайсанов (еркін күрес)
21. Милад Карими (спорттық гимнастика)

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 08 қазан, 18:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.