Орталық Азияда триатлон дамып келеді

Орталық Азияда триатлон дамып келеді

Өзбекстан астанасында Орталық Азия триатлон қауымдастығы (Central Asian Triathlon Association-CATA) атқарушы кеңесінің екінші отырысы өтті. Оның құрамына Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Қазақстан секілді бес елдің триатлон ұлттық федерациялары кіреді.

Аталған шараға, САТА президенті Ғалымжан Есенов, САТА мүшелері, аға вице-президенті Чынгыз Алканов, вице-президент Фаррух Насыров, бас хатшы Максим Крят және жауапты хатшы Такеева Айнагуль, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Өзбекстан триатлон федерациясының президенті Отабек Омаров қатысты.

Күн тәртібінде САТА ресми сайтын іске асыру, екінші САТА конгресі кезінде құрылған комитет жетекшілерін сайлау, САТА қамқорлығымен алғашқы ресми жарыстарды өткізу, САТА рейтингтік жүйесі, қауымдастыққа жаңа мүшелерді енгізу және бірлескен отырыстар өткізу сияқты бірнеше маңызды мәселелер талқыланды.

Отырыстың нәтижесінде бірлестіктің одан әрі бағытын айқындайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен, Алматы триатлон федерациясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Уәлихан Тен (Қазақстан) САТА медиа комитетінің төрағасы болып сайланса, Жасур Тажиев (Өзбекстан) Заң комитетінің төрағасы болып сайланды. Спорт комитетін Қанат Келсінбеков басқарды, ал Паратриатлон комитетінің басшылығы Қырғызстан триатлон федерациясының бас хатшысы Елена Лижина-Полченковаға жүктелді

Шымкент - Ташкент алғашқы трансұлттық ұшырылымы 2020 жылдың 3 мамырына жоспарланған. Сондай-ақ, делегаттар триатлон бойынша бірінші Орталық Азия чемпионатын Азия Кубогының кезеңдерінен бөлек өткізуді шешті. Самарқант және Алматы сияқты қалалар осындай маңызды бастамаға үміткер.
Қырғыз тарапы паратриатлонның алғашқы старттарын ұйымдастырып, өткізеді.

Қазақстандық спортшылар үшін ең қызықты шешім ретінде триатлоннан Қазақстан әуесқойлары арасындағы ұлттық турнирдің, TEMIRADAM Кубогының кейбір кезеңдері Өзбекстан мен Қырғызстандағы халықаралық деңгейде өткізілетінін айтуға болады.

САТА атқарушы комитетінің екінші отырысы осындай жағымды жаңалықтарымен есте қалды. Кездесуде қабылданған міндеттер бойынша белсенді жұмыс басталып жатқан кезде, қазақстандық әуесқой спортшылар жаңа триатлон маусымы басталуын тағатсыздана күтуде.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы