Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

"Ювентус" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Байердің" қақпасына жауапсыз үш гол соғып, үш ұпайға ие болды.

Осы матчтан соң туриндік команданың шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты. Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша оқ бойы озық тұр. Ол "Реалдағы" бұрынғы әріптесі Икер Касильястың рекордын (101 жеңіс) жаңартты. Енді Роналдудың еншісінде – 102 жеңіс. 

Сондай-ақ КриРо "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Раульдің рекордын қайталады. Роналду Чемпиондар лигасында гол соққан қарсыласының санын 33-ке жеткізді. 

"Байерге" қарсы матчта Роналду 89-минутта командасының үшінші голын соққан. Оған дейін Игуаин мен Бернардески көзге түсті.

Бұған дейін Криштиану Роналду ерекше рекорда орнатқан еді. Ол Instagram желісінде жазылушылар саны 180 миллионға жеткен алғашқы танымал адам атанды. Португалиялық футбол жұлдызының танымалдығы сонша, тіпті, жазғы демалыс маусымында да инстаграм парақшасындағы жазылушылар саны қарыштап өскен.

Елестетіп көріңізші: Криштиану небәрі 2 ай 11 күнде 10 миллион жаңа оқырман жинады, яғни оның аккаунтындағы жаңа жазылушылардың орташа бір күндік саны – 139 мың. Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұл Андорра халқынан бір жарым есе көп.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: GOAL.com
Қосылған күні: 02 қазан, 09:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.