Қанат Исламмен бір рингке кімдер шығады?

Қанат Исламмен бір рингке кімдер шығады?

26 қараша күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс дәмін татпаған отандасымыз Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) қолғап түйістіреді. Уолтер Каутондоква – 34 жаста. 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірген. 119-105, 120-104, 120-104 есебімен америкалық боксшыға есе жіберіп, алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Осы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген. 

Ал бұл жекпе-жектің андеркартында Арман Рысбек (6-0, 5 КО), Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО), Асқар Ерубек (1-0, 1 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (1-0, 0 КО) мен Бексұлтан Раушанов (5-1, 3 КО) шаршы алаңға шығады деп жоспарлануда. Әзірге қазақстандық боксшылардың қарсыластары кім болатыны белгісіз.

Қанат Ислам болса 5 шілде күні Алматы қаласында өткен бокс кешінде доминикандық Хулио де Хесусты 14 секундта ұтып, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық атағын жеңіп алған еді. Боксшы осы кештен жиналған қаржының бір бөлігіне көпбалалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған. Қанат Ислам Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан пәтердің кілтін 8 баланың анасы, "Күміс алқа" иегері Гүлшат Баяділова табыстады.

А. Рысдәулет