Криштиану Роналду: "Түннен кейін таң атады"

Криштиану Роналду: "Түннен кейін таң атады"
Фото: Stadium Astro

"Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду түнде өткен FIFA The Best марапатын табыстау шарасына қатыспады.

Жыл командасының сапына еніп, маусымның үздік ойыншысына үміткер болған Роналду өзі тұратын Турин қаласынан бірнеше шақырым жердегі Миланда өткен марапаттау рәсіміне барған жоқ. Алайда "Алтын доп" Лионель Мессиге табысталғаннан соң Instagram парақшасында өзінің суретін жүктеп, астына былай деп жазды: "Сабырлылық пен табандылық — кәсіпқойды әуесқойдан ерекшелейтін екі қасиет. Бүгінде ұлы дегеніміз кезінде кішкентайдан бастауын алған. Сіз бәрін жасай алмайсыз, бірақ армаңыңыздың орындалуы үшін қолыңыздан келгеннің бәрін істеңіз. Түннен кейін әрдайым таң ататыны есіңізде болсын".

Кеше түнде  Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Миланда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси ие болды. Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық "Барселонаның" шабуылшысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Вирджейл Ван Дейкті (Ливерпуль) басып озды.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы төртіншіі рет табысталды. Мессиге дейін Роналду екі рет алса, өткен жылы Лука Модрич жеңіп алған.

ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды. 

Үздік жаттықтырушы:  Юрген Клопп ("Ливерпуль")

Үздік қақпашы:  Алиссон Бекер ("Ливерпуль")

Әйелдер арасында үздік қақпашы: Сари Ван Венендал (Нидерланд)

Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Джилл Элис (АҚШ құрамасы)

Жылдың үздік жанкүйерлері: Анасы мен зағип ұлы ("Палмейрас")

Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Даниэль Сзори 

Fair Play марапатының иегері: Марсело Бьелса ("Лидс") 

"FIFA 2019" үздік ер футболшылар құрамы

 
А. Рысдәулет