"Алматы марафонына" қатысушылар балаларға спорт жабдықтарын сыйлады

"Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры "Алматы марафоны-2019" қайырымдылық мақсаттарының үш нысанын ұсынды.

- Жарыс өткізіліп келген 8 жыл ішінде біз 17 жобаны жүзеге асырдық: 6 спорт алаңын, балаларға арналған бір ойын алаңын, екі скалодром, бір сенсорлық бөлме, бір шағын акватория салып, спорттық және жаттығу құрал-саймандарын, медициналық жабдықтарды сатып алдық. Жалпы алғанда бұл жылдары біз 3 000, тіптен одан да көп балаға көмектестік. Біздің нысандарымыз тұрғызылған мектептерге баратын балалардың саны жыл сайын артатыны белгілі ғой. Осы мектептер мен балалар мекемелерінде нағыз чемпиондар өсіп келеді. Балғындар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған халықаралық спорттық жарыстардан жүлделі орындар алып жүр. Біз осы қайырымды іске өз үлесін қосқан әр қатысушыға ризамыз!" – дейді "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.

Биыл "Алматы марафонының" сөрелік жарналарынан жиналған 26 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған арнайы үш мекемеде спорт, футбол алаңы мен скалодром салуға бөлінді.

Pioneer тау саябағында аутистикалық спектрдің бүлінуі бар балалар тау шаңғысы мен сноубордта жоғары тау жағдайында бейімделген сырғанау қалалық бағдарламасы бойынша шынығады. Бұдан былай бұл балаларда жыл бойы кәсіби жаттықтырушылармен шынығуға мүмкіндік пайда болды. Қыста шаңғы тепсе, жазда көпфункционалды спорт алаңында роликті коньки тебуді және доппен ойындар ойнауға үйренеді.

- Біз бұл бағдарлама бойынша үшінші жыл қатарынан шынығып келеміз", - дейді Pioneer тау саябағындағы бағдарлама тәрбиеленушісі Святозардың анасы Наталья. – "Осы уақыт ішінде баламыздан күтпеген өзгерістерді байқадық. Оның аулада достары пайда болды, мектепке барады, шаңғы, ролик тебеді, өзге балалармен рахаттанып ойнайды, актер болуды армандайды. Ал, жақында Алматыдағы Еуразия кинофестивалі кезінде қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Қазір біз оның болашағына алаңдамаймыз. Баламыз өз диагнозы және ерекшелігімен өзге адамдар арасында өмір сүруге үйреніп келеді".

"Киров қызыл ту крейсері" жас әскерилерінің әскери-патриоттық клубына скалодром салынып, құзға шығу үшін қажетті жабдықтар сатып алынды. Клубта шынығатын балалардың 70 пайызы – көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққандар, сонымен бірге облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері. Тұрғызылған скалодром салқын күндері де балалардың құзға шығу дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді. Бұған дейін оқушылар тек табиғи ортада, тауда шынығатын еді.

Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №15 мектеп-интернатында жаңа футбол алаңы салынды. Балалар қонақтарды би, ән және оркестрмен қарсы алды. Соңғысы балғындарды спорттық мерекемен құттықтауға келген. "Алматы марафоны" қатысушыларының арқасында салынған футбол алаңы оқушылардың көңілінен шықты. Алда балалар алаңда ойнап, футбол турнирлері де ұйымдастырылып тұрмақ.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді