Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрғожа Қайпанов финалға шықты.

70 килода белдесетін Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда ирандық балуан Йонес Эмамичогайды 7:6 есебімен жеңді. Биыл Азия чемпионы атанған Нұрғожа Қайпанов енді әлемдік сынның алтынына таласады.

Ал 74 кило салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов жартылай финалда әлем чемпионы Франк Чемизодан 0:3 есебімен ұтылып, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Енді Нұрғожа Қайпанов пен Данияр Қайсанов әлем чемпионатының жүлдесі үшін ертең бозкілемге шығады.

Бүгін тағы бір балуанымыз жүлдеге күреседі65 келіде белдесетін Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда таза жеңіске жетті. Ол Қытайлық Тайпей өкілін 10:0 есебімен жеңді. Ал 1/8 финалда моңғол балуаны Тулги Очираны 6:2 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда үнді балуаны Баджранг Пунияға қарсы өткен тартысты жекпе-жекте ауыр жеңіске жетіп, алтынға бір табан жақында түсті.

А. Рысдәулет