Алматыдағы тарихи ҚХЛ

Алматыдағы тарихи ҚХЛ

Елордалық "Барыс" тарихында тұңғыш рет Құрлықтық хоккей лигасы аясында Алматы қаласында өнер көрсетті.

Тұрақты чемпионат аясында "Барыс" Мәскеудің "Спартак" командасын қабылдады. "Алматы Арена" кешенінде өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы периодта командалар бір-бірінің қақпасына шайба салған жоқ. Тек екінші таймда "Барыстың" шабуылшысы Дастин Бойд есепті ашып, 38-ші минутта Корбэн Найт есепті еселей түсті.

Қорытынды период басында алаң қожайындары есепті 3:0-ге жеткізді. 42-ші минутта Дастин Бойд дубль авторы атанды.

Алматыда өткен Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы матчына 12 105 көрермен келген. Сондай-ақ Алматы ҚХЛ матчын қабылдаған 46-шы қала болып, тарихқа енді.

Құрлықтық хоккей лигасы. Тұрақты чемпионат

"Барыс" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – "Спартак" (Мәскеу, Ресей) 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

1:0 – Бойд (Блэкер, Пакаринен) 34:15

2:0 – Найт (Метальников, Старченко) 37:16

3:0 – Бойд (Тангрэйди, Пакаринен) 43:31

Қақпашылар: Карлссон – Хомченко

Айта кетелік, "Барыс" келесі матчын 20 қыркүйек күні "Тракторға" қарсы өткізеді.

А. Рысдәулет