Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: fdk.kz

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов алғаш рет шаршы алаңға көтерілді.

69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов тайландтық Вуттичай Масукке қарсылас атанған. Бірінші раундтан басымдық танытқан қазақстандық боксшының қарсыласына қарағанда соққылары дөп тиді.  Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Абылайхан Жүсіповке (5:0) берді.

Бүгін тағы бір боксшымыз жекпе-жегін өткізеді. Кешкі сессияда Тұрсынбай Құлахметов әлем чемпионатындағы екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Хавьер Мартинес болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, әзірге әлем чемпионатында Қазақстан командасының мүшелері жеңіліс тапқан жоқ.

А. Рысдәулет