Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Бүгін Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресі шеберлері бақ сынады.

55 кило салмақта Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалына шықты. Ол жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзірбайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға жолдама алды.  Өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны 11:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық жекпе-жек ертең өтеді. Шешуші белдесуде Қорлан Жақанша грузиялық Нугзари Цурцумиямен кездеседі. 

63 кило салмақта белдескен Алмат Кебіспаев жартылай финалда өзінің байырғы қарсыласы, жапондық Ота Шинобуға есе жіберді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында Алмат тап осы балуаннан ұтылған болатын. 

Бірінші кезеңде Алмат 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда, екінші кезеңде жапондық балуанның әдістері сәтті шығып, 10:1 есебімен жеңіске жетті.  Осылайша, Алмат әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады. 

Қазақстан құрамасы сапында белдесуге шыққан Демеу Жадыраев (72 кило) пен Мақсат Ережепов (82 кило) жүлделі орыннан сырт қалды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Сали Сабиров
Қосылған күні: 14 қыркүйек, 20:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.