Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты нокаутқа түсірді

Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты нокаутқа түсірді

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асырып жүрген спортшы Данияр Елеусінов мансабындағы сегізінші жекпе-жегін өткізді.

Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінде отандасымыз америкалық Решард Хикспен жұдырықтасты. 

Решард Хикс 1984 жылы 17 қараша күні АҚШ-тың Киллен қаласында өмірге келген. 25 жасында алғаш қолғап киеді. Жасы 34-ке келсе де кәсіпқой бокста бар болғаны 13 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Себебі ол кәсіпқой рингте небәрі 2013 жылы ауысқан. Бірінші жылы бір жекпе-жек өткізсе, 2014 жылы үш мәрте жұдырықтасты. Ал одан кейінгі жылдары кемінде екі жекпе-жектен өткізіп отырды. Ал Данияр Елеусінов болса 2018 жылы бес рет шаршы алаңға шыққан. Америкалық боксшы 13 жекпе-жегінің тек біреуінде, Джонатан Стилмен тең түскен. Қалған 12 кездесуінде жеңіске жетсе, оның алтауын уақытынан бұрын аяқтаған. BoxRec рейтингінде Решард Хикс 439 орынға жайғасқан. Данияр Елеусінов болса 167 сатыда. Америкалық боксшы WBB and Texas Welterweight Champ және WCF International Welterweight белбеулерінің иегері. 

Hulu Theather кешенінде өткен кеште боксшылардың жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберіп, бірнеше ауыр соққысын жұмсап үлгерді. Артынша ол америкалық боксшыны екінші мәрте нокдаунға жібергеннен соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Басты жекпе-жекте бірінші жеңіл салмақтағы боксшылар Девин Хэйни (22-0, 14 КО) пен Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) кездеседі. Олар WBC чемпиондық атағы үшін айқасады. 

*Данияр Елеусінов – 28 жасар қазақстандық боксшы, кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддті үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде  чилилік  Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 2 КО)кездесіп,  төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді