Әлем чемпионаты. Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары кімдер?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Әлем чемпионаты. Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары кімдер?
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Күні кеше жеребе тастау рәсімі өтіп, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды.

БӨЛІСУ

Төрткүл дүниенің кіл мықты боксшылары бақ сынайтын жарысқа Қазақстан құрамасы тас-түйін дайындықпен барды. Бәсекені ертең бастайды. Ұлттық құрама сапында алғаш болып 81 кило салмақта Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға көтеріледі. Ол Оңтүстік Кореядан келген Инжи Хонмен жұдырықтасады. Кездесудер Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады.

52 кило
Сәкен Бибосынов - Харху Энхимандах (Моңғолия)

57 кило
Қайрат Ералиев - Шарафа Раман (Германия)\ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазы

63 кило
Закир Сафиуллин - Бахтияр Газибеков (Әзірбайжан)

69 кило
Абылайхан Жүсіпов - Вуттичай Масук (Тайланд)\ Долголевец Евгений  (Беларусь) жұбының жеңімпазы

75 кило
Тұрсынбай Құлахмет - Милос Бартл (Чехия)\ Михаил Остроумов (Израиль) жұбының жеңімпазы

81 кило
Бекзат Нұрдәулетов - Хонг Инги (Оңтүстік Корея)

91 кило
Василий Левит- Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия)\Дэвид Мишалек (Словакия) жұбының жеңімпазы

+91 кило
Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)\Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазымен шығады

Бүгін жарыстың ашылу салтанаты өтті. 75 және 91 кило салмақта алғашқы жекпе-жектер болады.