"Қазақ сарбазы" Канада елінде жекпе-жек өткізеді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
"Қазақ сарбазы" Канада елінде жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ eottm.com

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы оныншы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

БӨЛІСУ

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері келесі жекпе-жегін 25 қараша күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласының есімі әлі белгісіз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Eye Of The Tiger Management (@eottm_boxing)28 Авг 2019 в 10:06 PDT

"Қазақ сарбазы" деген лақап атпен танылып келе жатқан Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізді. Cегіз қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шықты.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов шаршы алаңға соңғы рет 29 маусым күні Канада елінде шыққан. Ол жекпе-жекте отандасымыз мексикалық Даниэл Вега Котуды (14-3-1, 11 КО) жеңді.