Михал Билек Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

Михал Билек Қазақстан құрамасының тізімін жариялады
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Кипр және Ресеймен өтетін ойындарға шақырылған футболшыладың тізімін жариялады.

Тізімге 23 футболшы енген. Арасында Голландия чемпионатында ойнайтын Александр Меркель мен Ресей біріншілігінде доп теуіп жүрген Бактиер Зайнутдинов жоқ. Соңғысы көптен бері алаңға шықпаған.

Қақпашылар: Дмитро Непогодов ("Ордабасы"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Щацкий ("Шахтер");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы - "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Қайрат"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - "Ордабасы"), Виктор Дмитренко ("Тобыл"), Ян Вороговский ("Беерсхот", Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Юрий Перцух (екеуі де - "Астана"), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат (барлығы - "Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Қайсар"), Тимур Досмағамбетов ("Ордабасы");

Шабуылшылар: Максим Федин ("Тобыл"), Алексей Щеткин ("Ордабасы"), Абат Айымбетов ("Ақтөбе");

Резерв: Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Еркебұлан Сейдахмет, Еркебұлан Тұңғышбаев (барлығы - "Қайрат"), Олжас Керімжанов, Аслан Дарабаев (екеуі де - "Жетісу"), Марат Быстров, Тоқтар Жаңғылышбай (екеуі де - "Ордабасы"), Думан Нәрзілдаев ("Қайсар"), Руслан Валиуллин, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек (барлығы - "Тобыл"), Роман Муртазаев ("Астана").

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тадеуш Переход – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – бейнеоператор, Максим Шауберт – администратор, Азамат Жакудин – кит-менеджер.

Massaget