Dota 2: Әлем чемпионы $16 миллионды қанжығасына байлады

Dota 2: Әлем чемпионы $16 миллионды қанжығасына байлады

Mercedes-Benz Arena стадионында Dota 2 ойынан өткен The International 2019 турнирі мәресіне жетті.

Гранд-финалда екі еуропалық команда – OG мен Team Liquid кездесті. Best of 5 жүйесі бойынша өткен ақтық кездесуде OG командасы 3&1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша жеңімпаз команда 16 миллион доллар жүлдені қанжығасына байлады.

2. Team Liquid — 4 427 000$;

3. PSG.LGD — 3 064 000$;

4. Team Secret — 2 043 000$;

5-6. Evil Geniuses — 1 187 000$;

7-8. Royal Never Give Up, Infamous — 847 000$;

9-12. Virtus.pro, TNC Predator, Newbee, Mineski — 674 000$;

13-16. Alliance, Fnatic, Keen Gaming, Natus Vincere — 504 000$;

17-18. Chaos, Ninjas in Pyjamas — по 84 000$.

OG командасы 2015 жылы құрылды. Бастапқыда өздерін Business деп атаған ойыншылар Dota 2 ойыны бойынша бақ сынауға бел буады. Әуесқой ойыншылар күтпеген жерден MLG World Finals 2015 турнирінде 3-4 орындарды иемденіп, The Frankfurt Major 2015 додасының іріктеу кезеңінде жеңіске жетеді. Бұл жетістіктен соң Twich-тің бәсекелесі Hitbox стриминг жүйесі қолдау көрсете бастайды. Team OG деген атау алған киберспортшылар бірден жоғары нәтиже көрсете білді. The Frankfurt Major, The Manila Major, The Boston Major, The Kiev Major секілді турнирлерде қарсылас шақ келтірмеген Team OG 2018 жылы беделді The international турнирінің шыңын бағындырады. 

А. Рысдәулет