Әлем чемпионаты: Елдос Сметов - қола жүлдегер

Әлем чемпионаты: Елдос Сметов - қола жүлдегер
Фото: ippon.org

Бүгін Жапонияның Токио қаласында бастауын алған дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына алғашқы медаль түсті.

Бүгін жарыс жолына үш бірдей дзюдошымыз шыққан болатын. 48 келіге дейінгі салмақтағы дзюдошымыз Отгонцэцэг Галбадрах жұбаныш белдесуінде Мартинез Абебеленда Лаурадан жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта белдескен қос бірдей спортшымыз Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын үшін күресті. Жұбаныш белдесуінде Сметов жапониялық  Янг Юнг Уэйді жеңсе, Қырғызбаев жартылай финалда өзбек балуаны Шарафоддин Лутфиллаевтан ұтылып қалды. Осылайша қос қазақстандық спортшының кездесуінде Елдос Сметов басым болып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

А. Рысдәулет