Twitter танымал 50 қара нәсілді футболшының парақшасын бақылауға алады

Twitter танымал 50 қара нәсілді футболшының парақшасын бақылауға алады
Фото: vbetnews.com

Twitter әкімшілігі 50 танымал қара нәсілді футболшының аккаунтын нәсілдік кемсітумен күресу үшін бақылауға алды. Бұл туралы The Times хабарлады.

Өткен маусымда көптеген футболшылар расизм мәселесіне байланысты әлеуметтік желілерге 24 сағаттық байкот жариялаған еді. Содан соң Twitter, Instagram, Facebook мамандары бұл мәселені талқылау үшін Англия кәсіби футболшылар қауымдастығы мүшелерімен кездескен.

Нәтижесінде Twitter өз саясатына жаңалықтар енгізуде. Енді микроблок нәсілшілдің проблемасына қарсы белсенді күрес жүргізеді. Сонымен бірге, әлемге әйгілі 50 қара нәсілді футбол жұлдызының парақшаларын үнемі бақылап отырады.

Бұған дейін нәсілдік кемітушілік мазмұнындағы хабарлар тек зардап шегуші адам хабарласқанда ғана қарастырылатын.

Т. Раушанұлы