Еуропа лигасы. "Астана" БАТЭ-нің қақпасына жауапсыз үш гол соқты

Еуропа лигасы. "Астана" БАТЭ-нің қақпасына жауапсыз үш гол соқты

Елордалық "Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде БАТЭ-нің қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Өткен аптада Мальтаның "Валетта" командасын қос матч қорытындысы (9:1) артта қалдырып плей-оффқа жолдама алған ел чемпиондары Беларусьтің БАТЭ-сіне қарсылас атанды.

Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матч 3:0 есебімен аяқталды. "Астана" бірінші ойында өз нәтижесін көп күттірмеді. 23-ші минутта команданың көшбасышысы Марин Томасов есеп ашты. Жанкүйерлер "ГолПасов" атап кеткен ол Роббенің стилінде оң қапталдан ортаға ойысып шіріне тепті. Ал бірінші тайм аяқталар тұчта Юрий Логвиненко өз әдетіне сай әуелей келген допты баспен ұрып, қонақтар қақпасында тулатты. 

Ойынның екінші бөлігінде де "Астана" қарқындылығын бәсеңдеткен жоқ. 52-ші минутта Рунар Сигурьонссонға қарсы айып алаңында ереже бұзылып, төреші белгіліген пенальиден исландиялық футболшы мүлт кетпеді.

Қарымта ойын 29-шы қыркүйек күні өтеді.

Еуропа лигасы-2019/20. Плэй-офф кезеңі. Бірінші матч

"Астана" - БАТЭ - 3:0 (2:0)

Голдар: Марин Томасов 23, Юрий Логвиненко 44, Рунар Сигурьонссон 52(пенальтиден)

"Астана": Ненад Эрич (К), Дмитрий Шомко, Лука Шимунович, Евгений Постников, Антонио Рукавина, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Фирмин Мубеле, Марин Томасов, Дорин Ротариу. 

БАТЭ: Антон Чичкан, Захар Волков, Алексей Риос, Егор Филипенко, Александар Филипович, Дмитрий Бага, Евгений Березкин, Виллюм Тор Виллюмссон, Станислав Драгун, Эрвейн Мукам, Максим Скавыш.

Төреші: Сергей Бойко(Украина)

22 тамыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена»

А. Рысдәулет