Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықпен жұдырықтасады

Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықпен жұдырықтасады
Фото: Tengrinews.kz

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асырып жүрген спортшы Данияр Елеусінов мансабындағы сегізінші жекпе-жегін 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі (АҚШ) өткізеді. Отандасымыз америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО)  жұдырықтасады.

Бокс кеші Hulu Theather кешенінде өтеді. Басты жекпе-жекте бірінші жеңіл салмақтағы боксшылар Девин Хэйни (22-0, 14 КО) пен Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) кездеседі. Олар WBC чемпиондық атағы үшін айқасады. Бұл туралы Matchroom компаниясы ресми хабарлады.

А. Рысдәулет