"Мұнымен біз тоқтап қалмаймыз". Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

"Мұнымен біз тоқтап қалмаймыз". Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланға (27-4-1, 11 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта жеңіске жетіп, WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық белбеуін қорғап қалды.

- Жеңіс құтты болсын, Қазақстан! Бұл тек менің жеңісім емес. Шаршы алаңға жалғыз өзім шыққанымен, дайындық жұмысын бүкіл команда болып істейміз. Жаттықтырушым Бадди МакГирт пен менеджерім Эгис Климасқа алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ барлық спарринг-қарсыластарыма рақмет. Бокс кешін ұйымдастырған Top Rank компаниясы мен промоутер Боб Арум туралы да айта кету қажет. Мұнымен біз тоқтап қалмаймыз, - деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң.

А. Рысдәулет