Жәнібек Әлімханұлы жеңіліссіз сериясын жалғады

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліссіз сериясын жалғады
Фото: BoxingNews

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО)  бүгін түнде АҚШ-та жекпе-жек өткізді.

Жерлесіміз Американың Лос-Анджелес қаласындағы Banc of California стадионында канадалық Стюарт МакЛелланға (27-4-1, 11 КО) қарсы рингке шықты. Бесінші раундта нокдаунға бірнеше рет түскен Стюартты төрешілер жеңілді деп тапты.

Осылайша, Жәнібек WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғап қалды.

А. Рысдәулет