Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Ресми: Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Ресми: Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Ресми: Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. 

Жекпе-жек 5-ші қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл жолы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) қолғап түйістіреді. Бәске орта салмақтағы IBF белбеуі тігіледі.

Жекпе-жектің өтетіні туралы Сергей Деревянченко әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Украиналық боксшы айқастың постерін Instagram желісіне жүктеп, "Келіссөз аяқталды" деп жазды. Алайда бірер сағаттан соң екі жазбасын да өшіріп тастады.

Бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин мен Деревянченкоға жекпе-жек өткізуге рұқсат еткен болатын. Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге келісе алмағаннан соң 1 тамыз күні IBF белбеуін босатты. 

Айта кетейік, Головкин 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін IBF чемпиондық белбеуін иемденген еді. Алайда Сергей Деревянкомен жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан соң белбеуінен айырылды. 

37 жастағы Геннадий Головкин үшін бұл жекпе-жек кәсіпқойдағы 42-ші болмақ. GGG оның 39-нда жеңіске жетсе, 35-н уақытынан бұрын аяқтаған. Сауль Альварестен бір айқаста жеңіліс тауып, біреуінде тең түскен. Ал оның қарсыласы Сергей Деревянченко болса 14 жекпе-жек өткізіп, оның 13-нде ұтқан. Бір жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберген.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Tengrinews.kz
Қосылған күні: 16 тамыз, 08:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.