"Другой Ты" Youtube-арнасы: Қазақстандық спорттың дамуын көрсетеміз

"Другой Ты" Youtube-арнасы: Қазақстандық спорттың дамуын көрсетеміз

"Другой Ты"  мультиспорттық YouTube-арнасы 2019 жылдың 15 мамырында ашылды. Үш ай ішінде оған Қазақстан мен әлем елдеріндегі екі миллионнан астам әуесқой спортшы келді. Жаңа жобаның танымалдығы туралы жоба авторлары былай дейді.

– 2018 жылы WorldClassAlmaty командасымен бірге біз "Другой Ты" челленджін бастадық, – деп бастады сөзін телеарнаның негізін қалаушы, белгілі қазақстандық спортшы Валихан Тен. – Еліміздің әрбір азаматына өз-өзін қайрап, кез келген спорт түрімен үш апта бойы күніне 30 минуттан айналысу ұсынысы тасталды. 21 күн бекер таңдалған жоқ: дәл осы күн аралығында адам организмі кез келген өзгеріске толық үйренісе алатыны дәлелденген. Өздерінің жаттығу кезіндегі фото және видео материалдарын әлеуметтік желіде #другойты хэштегімен белгілеп кету де шарттардың қатарында болды.

Айта кететін жайт, жобаға бірінші болып қолдау көрсеткендердің бірі Елбасы болатын. Одан кейін барып акция шын мәнінде халықтың көңілінен шығып, оны 300000 мыңнан астам адам қолдап, жалғап әкетті. Бас серіктесіміз Самрұқ-Қазына қоры болды. Үлкен коллективтер, әскери бөлімшелер, оқу орындары өздерінің кәсіби-спорттық біліктіліктерімен бөлісті. Әр адам өзінің өзгелерден мықты екенін көрсеткісі келді!

2019 жылы "Другой ты" жаңа форматқа ауысты. Ұйымдастырушылар қазір сәнге айналған онлайн-флешмоб үлгісін салауатты өмір салтын, салауатты тамақтану салтын сақтау және спорттық демалыс жолына қарай бағыттауды дұрыс деп шешті: қазақстандықтарды ерекше спорттық акцияны қайталауға шақыру керек болды. Осылайша "Другой Ты" мультиспорттық YouTube-арнасы пайда болды.

– Қазір біздің назарымызда бірнеше спорт түрі бар: пауэрлифтинг, бодибилдинг, триатлон, марафон, күрес түрлері, фитнес, шахмат, трекинг, – деп толықтырды арнаның басшысы Рустам Шакирзянов. – Алдағы уақытта өзге де спорттық федерациялармен "достасқымыз" келеді. Челлендж формасы бізде сол қалпы сақталады. Әр айда біз арнамызда әртүрлі спорт түрлерінен танымал спортшылардың қазақстандықтарға ұсынатын челленджін көрсетеміз. Осылай марафоншы әрі Ironwoman Салтанат Қазыбаева спортсүйер қауымға 10 километр жүгіруді ұсынса, жүзуден бірнеше дүркін чемпион Андрей Квасов өзімен бірге жылдамдыққа 500 метр жүзуге шақырып, даңқты велошабандоз Александр Винокуров абсолютті чемпион Vino RD-01 S-Line велосипедіне ие болатын "триатлон жазын" жариялайды. Одан бөлек, әр ай сайын өз жазылушыларымыз арасында әртүрлі федерациялар ұсынған бағалы сыйлықтарды ойнатамыз. Жылдың соңында челлендждерге қатысушы үздік әуесқойлардың арасынан таңдап, арнада "Даңқ галереясын" жариялаймыз.

Айта кетейік, арна тек челлендждерді ұйымдастырумен ғана айналыспайды. Әр күн сайын онда әртүрлі спорт түрлерінен арнайы оқытуға арналған жаттығу роликтері жарияланады. Мысалы, көрермендер осы кезге дейін жүзудің қай түрі қанша калорийны жоя алатыны туралы, жүгіру жаттығуларын қалай сан түрлі қылуға болатынын жайлы, қала жағдайында жол ережелерін бұзбай велосипедпен қалай жүру керектігі туралы және басқа да пайдалы ақпараттарды білді.

"Другой ты" мультиспорттық арнасының тағы бір функциясы – спорттық шаралардан ақпарат тарату. Мұның бәрі жаңа технологиялардың күшімен жасалады. Мысалы, 2019 жылдың 3-4 тамызында Алматыда триатлонан Азия Кубогының толық дистанциясы тікелей эфирге Sаmsung смартфонымен түсірілді. 20 километрлік дистанцияда орналасқан 16 мобильдік құрылғының видеосы режиссерлік пультпен басқарылып, ол жақтан басты сахнада орласқан LED-экранға шығып отырды. Арнайы жылжымалы телестанцияның көмегінсіз мұндай тікелей эфир түрі Еуразия құрлығында тұңғыш рет қолданылды. Бұған дейін тек бір рет – 2019 жылы АҚШ-та Вашингтон Визардс және Атланта Хоукс NBA командаларының матчы кезінде қолданылған. Американдық баспасөз бұл трансляцияны "тарихи жаңалық" деп мойындаған болатын.

Арнаның тағы бір ерекше жобасы 2019 жылдың 11 тамызында Алматы қаласында бастау алған "17/17/17 Другой Ты" челленджі. Оның мақсаты – Қазақстанның 17 қаласында 17 аптаның ішінде 42 километр 195 метрлік 17 марафонды жүгіріп өту. Марафондық дистанцияны Виктор Мальчиков және Михаил Лим есімді спортшылар бастаған. Олардан бөлек челленджге 17 әуесқой спортшы қатысады.

Жобаның мақсаты – әуесқой жүгірудің танымалдығын арттыру, оны дамыту және жүгіру топтарының санын арттыру, кез келген адам қатыса алатын Қазақстандағы жүгіруге қатысты шараларды танымал ету.

– Біз бұл челленджді еліміздің әр аймағында жүгіруге назар аударту, жүгіруге қатысты дәрістер өткізу, жарыстарға дайындалу, ең оңай спорт түрі арқылы салауатты өмір салтын ұстану, – деді жоба жетекшісі Виктор Мальчиков.

Әр жексенбіде Мальчиков пен Лим жаңа қалада жүргіуді жоспарлауда. "17/17/17 Другой ты" жобасы 18 тамызда Павлодарда болады. Әрі қарай 14 облыс орталығында, Шымкентте болып, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жобаны тәмамдайды.

Massaget.kz