Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді

Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді

Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді

17-18 тамызда Өскемен қаласы өз тарихында алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдайды.

Бірінші сайыс күні бірнеше жарыстар өтеді:

U15 санатындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында сайысады;

U17 санатындағы спортшылар Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогының финалында сайысады;

U19, U23 санатындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогыныың финалында сайысады;

Elite санатындағы спортшылар "спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогы IV кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Өскемен қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек. 

Сайыс мақсаты:

Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;

қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;

үздік спортшыларды анықтау.

Сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

1. Elite (16 жастан жоғары), U23 (16-23 жас) және U19 (16-19 жас) санаттары, триатлон тәртібі, қашықтық – "спринт" (750 метрге жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырым жүгіру);

2. U17 (13-17 жас) санаты, триатлон тәртібі, қашықтық – Гундерсен жүйесі бойынша "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырым жүгіру);

3. U15 (13-15 жас) санаты, триатлон тәртібі, қашықтық – "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырым жүгіру).

Республикамыздың түрлі аймақтарынан келген 50-е жуық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

"TEMIRADAM" Кубогының X кезеңі – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқой) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

"Спринтерлік" қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 750 метрге жүзу + 20 шақырым веложарыс + 5 шақырым жүгіру

Түрлі аймақтардан келген 50-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сайыс кестесі

Күні

Уақыты

Іс-шара

17 тамыз

08.45 сағ.

Ашылу салтанаты

09.00 сағ.

U15, U17, U19, U23, Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – ерлер мен әйелдер

11.30 сағ.

U15, U19, U23, Elite санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

18 тамыз

09.00 сағ.

U17 санатындағы спортшылар жарысының басталуы – екінші кезең – ерлер мен әйелдер

10.00 сағ.

U17 санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

11.00 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар жарысының басталуы

13.30 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшыларды марапаттау

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 14 тамыз, 17:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.