Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Илья Ильин Талдықорғанда топ жарды

Илья Ильин Талдықорғанда топ жарды

Илья Ильин Талдықорғанда топ жарды

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Талдықорғанда өтіп жатқан ҚР V жазғы Спартакиада жарысында жеңімпаз атанды.

102 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы жұлқа көтеру жаттығуын 165 килодан бастады. Екінші мүмкіндігінде 170 килоны еңсерді. Үшінші мүмкіндігін пайдаланған жоқ.

Серпе көтеру жаттығуын 200 килодан бастады. Алайда бірінші мүмкіндігінде мүлт кетті. Екінші рет тұғырға шыққанда нәтижесі есепке алынды. Ал үшінші 205 килоға тапсырыс беріп, ырқына бағындыра алған жоқ. Қорытындысында 370 кило (170+200) көтерген Ильин жеңімпаз болды. Бұл – қазақстандық спортшының осы маусымдағы үздік көрсеткіші. Осыған дейін Токиода өткен тестілік жарыста 365 кило (165+200) көтерген болатын.

- Толық бабыма келіп үлгермедім. Өзімнің нәтижемді 50/50 деп бағалаймын. Жұлқа көтеруім жақсы, серпе көтеруге әлі дайындалу керек. Олимпиада ойындарында үшінші рет топ жаруыма мүмкіндігім бар, - деді спортшы жарыс соңынан.

Төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие Илья Ильин алдағы халықаралық жарыстарда 96 килоға дейінгі салмақта бақ сынамақ.

V жазғы Спартакиада жарысында 102 килоға дейінгі салмақта күміс медальды Андас Тұмарбаев (327 кило), қоланы Ринат Калиекберов (323 кило) иеленді.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: google.kz
Қосылған күні: 09 тамыз 2019, 12:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.