Қазақстандық CS:GO командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық CS:GO командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Фото: twitter.com/BLASTProSeries/s

Қазақстандық AVANGAR командасы Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) дисциплинасы бойынша әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңарған тізімде қазақстандық команда 27-ші орынға жайғасты. Салыстырмалы түрде алдыңғы рейтингке қарағанда команда бір саты жоғарылады. Бірінші орында АҚШ-тың "Liquid" командасы тұр. Екінші орында - француздық "Vitality". Үздік үштікте даниялық "Astralis" командасы жайғасты.

Айта кетейік, сәуірде қазақстандық команда үздік 15-ке кірген еді. Еліміздің ойыншылары бір миллион доллар бәске тігілген Katowice Major жарысында үздік ондыққа кірген еді. 

Өткен айда AVANGAR құрамына қазақстандық ең үздік ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаевты қатарына қосты. Одан бөлек бұл құрамда үш қазақстандық – Айдын Тұрлыбеков, Тимур Түлепов және Алексей Голубев бар. Команда капитаны – ресейлік Али Джами. Қазіргі уақытта ойыншылардың барлығы Украинада тұрады және дайындықтары сол елде өтеді. 

А. Қажиев