"Атлетико" "Реал" қақпасына 7 гол салды

Аслан Қажиев Корреспондент
"Атлетико" "Реал" қақпасына 7 гол салды
Фото ©️ Footboom.com

АҚШ-та өткен Халықаралық чемпиондар кубогында мадридтік қос команда арасындағы матч Атлетиконың пайдасына 7:3 есебімен аяқталды.

БӨЛІСУ

Корольдік клубты ойсырата жеңген Атлетико жігіттері алғашқы голды бірінші минутқа жеткізбей салды. Диего Костаның голынан кейін жауапсыз тағы 4 гол Реал қақпасынан табылды. Осылайша, бірінші таймда Атлетико бес гол салды.

Жеңімпаз клубтың сапында Диего Коста (1, 28, 45-пенальти, 51), сондай-ақ Жоау Феликс (8), Анхель Корреа (19) және Витоло (70) мадридтік клубтың қақпасынан саңылау таба білді. Жеңілгендер жағында Хосе Начо (60), Карим Бензема (85-пенальти) және Де Ла Фуэнте (89) есепті сәл де болсада қысқартты.

Ойынның 65-ші минутында "Реал" сапындағы Даниэль Карвахаль мен "Атлетико" шабуылшысы Диего Коста алаңнан қуылды.