Галбадрах Отгонцэцэг Загребте топ жарды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Галбадрах Отгонцэцэг Загребте топ жарды

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Өзі бақ сынайтын 48 килоға дейінгі салмақта барлық қарсыластарын айқын ұтып шықты.

БӨЛІСУ

Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен аустриялық спортшы Катерина Танзерді ұтты. Одан кейін Қытайдан барған Йо Хионгтан басым болды. Жартылай финалда тағы бір қытайлық дзюдошымен жолы түйісті. Ли Янанды иппонмен жеңіп, финалға шықты.

Финалда қазақстандық спортшы француз Мелани Клементпен кездесті. Қосымша уақытта қарсыласынан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында Даурен Сүйеукенов (60 кг) 5-орын алды. Ол жұбаныш белдесуде Польша елінен келген Томер Голомбқа есе жіберді.