Еуропа лигасы. "Тобыл" "Женессті" жеңе алмады

Еуропа лигасы. "Тобыл" "Женессті" жеңе алмады
Фото: Тобыл ФК

Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші кезеңінен аса алмады. "Женесске" қарсы қарымта ойында 1:1 есебімен тең ойнап, жолдамадан қағылды.

Люксембургте өткен бірінші ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан. Нұр-Сұлтанда қонақтар сырт алаңда соққан голының есебі бойынша келесі кезеңге шықты.

Ойындағы бірінші гол 22 минутта соғылды. "Женнес" ойыншысы Халим-Меди Меддур допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды. 57 минутта Джава Канкава айып алаңы ішінде қарсылас команда ойыншысын шалып, ереже бұзды. Грекиядан келген бас төреші Скоулас "Тобыл" қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан команданың франциялық форварды Мехмет Арслан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңге шыққан "Женесс" Португалияның "Виктория Гимарайнш" клубымен ойнайды.

Айта кетейік, бүгін Еуропа лигасында ел намысын қорғап жатқан "Қайрат" пен "Ордабасы" да қарымта ойындарын өткізеді.

Н. Үсенова