Елдос Сметов әлемдегі үздік бес дзюдошының қатарына қосылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Елдос Сметов әлемдегі үздік бес дзюдошының қатарына қосылды
Фото ©️ IJF

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлемдік Гран При турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Сол жарыста топ жарған отандасымыз Елдос Сметов жаңарған тізімде үздік бестікке енді.

БӨЛІСУ

60 кило салмақта бақ сынайтын Елдос Сметов Будапешттегі жарыстың финалында моңғол Бодбаатар Ганбатты иппон әдісімен жеңген еді. Осы жетістігінің нәтижесінде 4821 ұпаймен бір саты жоғарылады.

Будапешттегі жарыста күміс жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов болса 3504 ұпаймен 12-ден 11-ге көтерілді.

Айта кетерлігі, IJF ержесіне сәйкес Гран Приде І орын алған спортшыға - 700 ұпай, ІІ орынға – 490 ұпай, ІІІ орынға ие болған дзюдошыға әлемдік рейтингте 350 ұпайдан қосылды.

Назарларыңызға жаңартылған әлем рейтингіндегі қазақстандық дзюдошылар орынын ұсынамыз (ТОП-50):

60 кило

Елдос Сметов - 5 орын (4821)
Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)

66 кило

Ерлан Серікжанов – 8 (4089)
Елдос Жұмақанов – 11 (3504)

73 кило

Жансай Смағұлов – 19 (2448)

81 кило

Дидар Хамза – 17 (2602)
Руслан Мусаев – 49 (1036)

90 кило

Ислам Бозбаев – 11 (3428)

+100 кило

Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)