Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда жетінші жекпе-жегіне шығады

Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда жетінші жекпе-жегіне шығады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) 17 тамыз күні шаршы алаңға шығады. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

- Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Қазақ стилін тағы бір көрсететін сәт туды. Қарсылас осы аптада анықталады. Жеңісте жүздесейік!, - деп жазды боксшы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK | OFFICIAL PAGE (@janibek_alimkhanuly)15 Июл 2019 в 6:12 PDT

26 жастағы отандасымыз Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде бақ сынайды. Жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласы осы аптада анықталады.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде екінші жеңілдеу салмақта WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.

Жәнібек соңғы рет 12 сәуір күні жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімі бойынша мексикалық Кристиан Оливасты (16-5, 13 КО) жеңіп, WBC Continental Americas құрлықтық белбеуі мен екінші дәрежелі WBO Global атағына ие болған еді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы