Қазақстандық киберспорт командасы халықаралық турнирде топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Қазақстандық киберспорт командасы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық Bro Orange командасы OPPO RTK Series турнирінде PUBG Mobile ойынынан қарсылас шақ келтірмеді.

БӨЛІСУ

Әлемдік турнирде біздің команда Ресей мен Түркиядан келген 16 ұжыммен күш сынасты. Жеңімпаз Sanhok, Miramar және Erangel карталарында анықталды. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша 228 ұпай жинаған қазақстандық команда топ жарды. 

Жеңімпаз команда сыйақыға 20 мың АҚШ долларын алды. 

Bro Orange командасы құрамы:

Команда капитаны - Антон broUNKNOWN Мамонтов

Айдын broAIDYN Жолдасым

Анвар broSHKIPER Сайдахметов

Азамат broNOMAD Елшібаев

Асылхан broJOHNYKILLZ Жұмаш

5 орын алған тағы бір қазақстандық  AVANGAR командасына 2 500 доллар сыйақы табысталды. Ал Aruaq eSports 9-шы сатыға жайғасты.