Бразилия құрамасы Америка Кубогында топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Бразилия құрамасы Америка Кубогында топ жарды
Фото ©️ Sky Sports

Футболдан Бразилия құрамасы өз алаңында өткен Америка кубогында топ жарды.

БӨЛІСУ

Финалда Перу құрамасымен кездескен бразилиялықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі "Маракана" стадионында өткен матчтағы есепті Эвертон 15-ші минутта ашқан. Бірінші таймның соңында Хосе Паоло Герреро таразы басын теңестіргенімен, төреші қосқан санаулы минутта Габриэль Жезус командасын есепте қайта алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінде Габриэль Жезус дубль жасап, Бразилия құрамасына жеңісті әперді.

Осылайша Бразилия құрамасы тарихында тоғызыншы мәрте Америка Кубогын жеңіп алды. Соңғы рет 2007 жылы латын Америкасында қарсылас шақ келтірмеген еді