Қазақстандық спортшылар қатысатын шілде айындағы жарыстар

Қазақстандық спортшылар қатысатын шілде айындағы жарыстар
Фото: olympic.kz

Шілде айында қазақстандық спортшыларды бірнеше елішілік және ірі халықаралық турнирлер күтуде. Олардың қатарында лицензиялық әлем чемпионаттары да бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты осы айдағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады. 

Қазақстанда өтетін турнирлер тізімі:

4-7 шілде: Күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты, Нұр-Сұлтан;
11-17 шілде: Нысана көздеуден Қазақстан кубогінің екінші кезеңі, Алматы;
12-17 шілде: Маунтинбайктан Қазақстан кубогінің төртінші кезеңі, Талғар;
15-21 шілде: Бокстан Президент кубогі, Нұр-Сұлтан;
16-18 шілде: Дзюдодан халықаралық турнир, Ақтау;
18-22 шілде: Маунтинбайктан Қазақстан Спартакиадасы, Талғар;
23-29 шілде: Стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі, Нұр-Сұлтан; 
25-30 шілде: Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты, Павлодар; 

Шетелде өтетін турнирлер тізімі:

1-5 шілде: Су добынан халықаралық турнир, Сплит (Хорватия);
1-10 шілде: Желкенді қайық спортынан әлем чемпионаты, Сакайминато (Жапония);
3-9 шілде: Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі, Вилларс (Швейцария);
8-16 шілде: Академиялық есуден әлем кубогінің үшінші кезеңі, Роттердам (Голландия);
12-28 шілде: Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты Кванджу (Оңтүстік Корея);
10-15 шілде: Әйелдер күресінен "Яшар Догу" турнирі, Стамбул (Түркия);
12-14 шілде: Дзюдодан Гран-при турнирі, Будапешт (Венгрия);
10-19 шілде: Садақ атудан тестілік турнир, Токио (Жапония);
11-21 шілде: Нысана көздеуден әлем кубогі, Зуль (Германия);
14-21 шілде: Семсерлесуден әлем чемпионаты, Будапешт (Венгрия);
19-21 шілде: Каратеден Азия чемпионаты, Ташкент (Өзбекстан);
19-27 шілде: Ат спортынан әлем кубогі кезеңі, Планерная (Ресей);
24-29 шілде: Дзюдодан Гран-при турнирі, Загреб (Хорватия);
25-29 шілде: Грек-рим күресінен халықаралық турнир, Минск (Беларусь).

Ө. Сансызбай