Шавкат чемпиондық атағын қорғап қалды

Шавкат чемпиондық атағын қорғап қалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтандағы M-1 Challenge 102 халықаралық турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Шавкат Рахмонов бразилиялық Тьяго Варежао Ласерданы бірінші раундта-ақ ұтып, чемпиондық атағын қорғап қалды.

"Барыс Аренада" өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын нокаутпен ұтты. Бірінші раунд аяқталар тұста Шавкат бастаған шабуылдан кейін қарсыласы ес жия алған жоқ.

24 жастағы қазақстандық спортшы мансабындағы 12-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Барлығында жеңіске жетіп келеді. Тіпті барлық қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шыққан.

Айта кетейік, Шавкатқа дейін қазақстандық Сергей Морозов (15-4) та жекпе-жекке шыққан. Ол ресейлік Александр Осетровты (5-1) ұтып, жеңілірек салмақта M-1 Challenge чемпионы атанды.

Н. Үсенова