Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жеңіліп көрмеген Қанат Ислам доминикандық нокаутшымен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген Қанат Ислам доминикандық нокаутшымен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген Қанат Ислам доминикандық нокаутшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0,20 КО) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жекке шықпаған отандасымыз келесі қарсыласын ресми түрде хабарлады.

Отандасымыз Доминикан Республикасының өкілі Хулио де Хесуспен (27-1, 24 КО) кездеседі. 36 жастағы тәжірибелі боксшы 28 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан. Ал 24 кездесуін уақытынан бұрын аяқтады. Жерлесіміз орта салмақта WBO Intercontinental титулына таласқа түседі. 

Бокс кеші 5-ші шілде күні Алматы қаласындағытБалуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтеді.

Бұл күні Қанаттан өзге де танымал қазақстандық боксшылар бақ сынайды. Олардың қатарында Арман Рысбек, Абылайхан Хұсайынов пен Руслан Мырсатаев бар. Айта кетейік, Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанған-ды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Tengrinews.kz
Қосылған күні: 23 маусым, 13:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.